«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалиция мүшелері, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Жанболат Жөргенбаев пен Закиржан Кузиев Алатау қаласындағы «Knauf» кәсіпорнында болып, еңбек ұжымымен кездесу өткізді.Жиында 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға ұсынылатын жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері талқыланды. Коалиция мүшелері өндіріс қызметкерлеріне жаңа Ата Заңның адамға бағдарланған сипаты, әділеттілік қағидаттарын нығайту, заң үстемдігін күшейту және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері туралы жан-жақты түсіндірді.С...
Бүгін елордада еліміздің жетекші қоғамдық-саяси күштері «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалицияға бірікті. Оның құрамына бес жетекші саяси партияның өкілдері мен миллиондаған азаматтың мүддесін білдіретін 300-ден астам қоғамдық ұйым енді.Отырысқа қатысушылар Жаңа Конституция жобасы Күшті әрі Әділетті Қазақстан құрудың іргетасына айналып, саяси жүйе архитектурасын қоғамның жаңа сұранысына сай түбегейлі қайта жаңғыртатынын атап өтті. Бұл биліктің барлық тармағының тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатыс...